Ұлағатты ұстаздар ұлықталды

20.10.2017

Көрулер: 4233

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика-математика факультетінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың саясатын қолдау етіп, институционалдық реформасын жүзеге асыру жолында өз ісінің нағыз маманы атанып, шәкірт тәрбиелеп жүрген, қоғамдық қызметтерге белсене араласып, ел мүддесі үшін республикамыздың әр өңірлерінде кіршіксіз қызмет етіп жүрген ұстаздарды насихаттау мақсатында ҚР «Қазақстан Ұстаздары» қоғамының бұйрығымен бекітілген Аккредитациялық кеңес шешімі негізінде бір топ қоғам қайраткерлері мен педагогтар ұлықталды.

   

Айтулы шараға Зияткерлік технологиялар институтының Бас директоры, профессор А.Ә.Өскенбаев, «Қазақстан Ұстаздары» қоғамының Бас хатшысы, Республикалық жанұялық «Игілік» журналының Бас редакторы М.Ә.Әйтенова, Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің “Күлтегін” ҒЗИ директоры, профессор З.С.Ақтамбердиева және басқалар қатысты.

Ғалымдар мен ұстаздар қоғамы бас қосқан жиында Ақпараттық жүйелер кафедрасының аға куратор-эдвайзері, ҚР “Қазақстан Ұстаздары” қоғамының мүшесі, “Қазақстан ғалымы” медалінің иегері – Б.Қ.Әбенов “Рухани жаңғыру:студент жастардың отансүйгіштігін қалыптастыру – басты құндылық” тақырыбында баяндама жасап, марапатталғандарды қызу құттықтады.

әл-Фараби атындағы механика-математика факультеті деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сәуле Анерқызы Давлетова «Тәлімгер» медалінің иегері атанса, Іргелі математика кафедрасының меңгерушісі, ф.-м.ғ.д., профессор М.Б.Сихов, осы кафедрасының профессоры, ф.-м.ғ.д. Б.Е.Кангужин, факультеті деканының орынбасары, доцент, ф.-м.ғ.к. Н.Н.Тунгатаровтар марапат иелерінің кеудесіне түрлі санаттағы медалдар мен төсбелгілер қадады.