Заманауи әлемдегі әйелдердің рөлі

07.12.2017

Көрулер: 247

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ХҚФ БҰҰ жәрдемдесу орталығы Қазақстандағы «БҰҰ-әйелдер» көпелдік бөлімше ұйымымен бірлесе отырып «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» атты жоба шеңберінде «Гендерлік теңдік және зорлық-зомбылықты жою: қазіргі әлемнің әйелдер құқықтары мен бостандықтарын кеңейту» тақырыбын талқылау мақсатында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелге Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұнғыш Тұрақты өкілі, Қазақстан Республикасының экс-министрі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор АқмаралАрыстанбекова, Біріккен Ұлттар Ұйымының Алматыдағы ақпараттық кеңсесінің өкілдері Властимил Самек және Ален Куспанов, Орталық Азиядағы «БҰҰ-әйелдер» құрылымының көп мемлекеттік бөліміндегі білім басқармасының маманы Гульназ Иманиязова қатысты.

4 курс студенттері «Заманауи әлемдегі әйелдердің рөлі» тақырыбында презентация дайындады. Презентация барысында олар Қазақстанға назар аударып, әлемнің түрлі өңірлеріндегі әйелдер жағдайын қарастырды. Студенттер социологиялық сауалнама жүргізді, оның нәтижелері іс-шара шеңберінде ұсынылды. Әлемдегі танымал әйелдер мен олардың жетістіктері туралы дөңгелек үстелге қатысушылармен интерактивті ойын өткізілді.

Дөңгелек үстелге қатысушылар мен қонақтар Орталық Азиядағы гендерлік теңсіздіктің өткір мәселелерін қарастырып, талқылауға белсене қатысты.

Талқылаудан кейін Ақмарал Арыстанбекова өзінің жеке тәжірибесімен бөлісіп, БҰҰ-дағы әйелдердің рөлі туралы дәріс өткізді.

Фойеде бұл уақытта «Халықаралық қатынастар» мамандығының 2 курс студенттері ұйымдастырған «Әлем тағамдары» қайырымдылық жәрмеңкесі өтті.

4-курс студенттері барлық қатысушылар мен қонақтарға алғыстарын білдірді.

 

Халықаралық қатынастар факультеті