Полилог- марафон

04.12.2017

Көрулер: 4137

Жас тілшілер мен репортерлерге арналған «Журналистика негіздері» практикум аясында баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы доценті м.а А.А. Мусинова  2-курс студенттері және мектептің жоғары сынып оқушыларының қатысуымен полилог-марафонын өткізді.

Шеберлік сағаттың бірінші күні «Монолог, диалог және полилог заманауи масс медиа» тақырыбына жоғары сынып оқушылары ойын түрінде риториканың негізі, диалог және полилог жүргізу ережелерімен танысты.

2-күні жас тілшілер 2-курс орыс бөлімінде оқылатын «Бұқаралық коммуникацияның тілі мен стилі» пәні бойынша үш сағаттық полилог марафонға қатысты.

Үш сағат ішінде екі команда пікір жүргізудің екі түрін қарастырды; пікірталас және дебат.

Дөңгелек үстөл барысында «Әйелдерге үйдегі тұрмыстық зорлық», «Өлім жазасы» қарсы, қолдаушы деп пікірталас жүргізіп, оның мәселелерін шешу жолдары айтылды.

«Ақылға қонымды диалог» ток-шоуында «Қазақстан» тақырыбы. «Ядролық энергияны пайдалану» және «Шындыққа қарау», «Түсіну және кешіру?» тақырыбтары бойынша сөйлеу тәжірибесі мен кіріспе пікірталас түрінде өтті.

 

Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы доценті м.а А.А. Мусинова