Конрад Аденауэр атындағы Қор

02.12.2017

Көрулер: 1659

Хабарландыру 

 

Конрад Аденауэр атындағы Қор делегаттарының әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Халықаралық қатынастар факультетіне  сапары

 

2017 жылдың 5 желтоқсанында Халықаралық қатынастар факультетінде Қазақстандағы KAS шетелдік офисінің Басшысы Томас Хельм бастаған Конрад Аденауэр атындағы Қор өкілдерімен (KAS) кездесу өтеді.

Делегация сапары барысында факультет басшылығы және ғылыми орталықтар директорларымен келіссөз өткізу жоспарланған.

Қор Басшысы Томас Хельм “ГФР және ГДР барлау қызметтерінің тарихынан” тақырыбында ашық лекция өткізеді.

Кездесу барысында Қор қызметкерлері оның қызметі туралы мәлімет береді және жаңа  2018  жылға арналған SUR PLACE  стипендиялық бағдарламасымен таныстырады. Аденауэр Қорының  Гранты өз елінің және университетінің қоғамдық, саяси және әлеуметтік өміріне, оқу- білімге деген қызығушылығы жоғары дарынды студенттер мен магистранттарды  қолдайды.

       Грант ай сайын қайтарымсыз ақшалай төлем түрінде бес айға беріледі.

       Презентация аяқталған соң Томас Хельм мен Қор қызметкерлері сұрақтарға жауап береді.

 

       Өз потенциалын жүзеге асырғысы келетін барлық студенттер, магистранттар мен оқытушыларды шақырамыз!

 

Герман зерттеу Орталығы (Губайдуллина М.Ш., Каримова Ш.)

Герман зерттеу Орталығы (Мовкебаева Г.А., Балаубаева Б.М.)

 

Күні: 5 желтоқсан 2017

Уақыты: 15:00-18:00

Өтетін орны: Ғылыми Кеңес Залы, ХҚО 2 этаж

Адрес: Қарасай батыр көшесі, 95