Кәсіпқойлармен сұхбаттасу

28.11.2017

Көрулер: 3560

KAZENERGY қауымдастығы және «Шелл Қазақстан» компаниясы 2017 жылы 5 және 6 желтоқсанда (9.30-дан 13.00 дейін) Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кітапханасында (Алматы қ.) Қазақстанның жоғарғы оқу орындарының студенттеріне «Кәсіпқойлармен сұхбаттасу» форматында келесі бағыттар бойынша шеберлік класс сериясын өткізеді: индустриалдық және ғылыми химия, ғылымды және жобаларды коммерциялау, жұмысқа орналасудың қыр-сыры. 

Шеберлік кластарында танымал ғалымдармен, көпжылдық жұмыс  тәжірибесі бар сарапшылармен көрсетілген үш бағыт бойынша кездесу өтпек.

Шеберлік кластарының бағдарламалары бойынша тыңдаушылар төмендегі сұрақтарға жауап ала алады:

-         қазіргі заманғы ғылымның, Қазақстандағы ғылыми қызметтердің ерекшеліктерінің даму алғышарттары;

-         химия өндірісін дамыту перспективасы және оның қазіргі жай-күйі;

-         ғылыми жобаларды ынталандыру көзі;

-         мұнай-газ индустриясындағы жаңа технолгиялар;

-         ғылыми әзірлемелерді күнделікті өмірге ендіруді қолдайтын нарықтық механизмдер;

-         химия саласындағы келешек мамандықтар;

-         шақырылған спикерлердің табыс жолының тарихы.

Сонымен қатар кәсіпқойлардан жұмысқа орналасу мәселелері бойынша рекрутинг саласында мынадай кеңестер алады:

-   сұхбатқа қалай дайындалу және түйіндемені қалай жазу керек; 

- әлеуметтік желілерде өзін-өзі қалай таныстыру керек (үлгілерді талқылау).

Биыл IX KAZENERGY Жастар форумы (KAZENERGY қауымдастығының адами капиталды дамыту бойынша қызметтері) және «Шелл Қазақстан» компаниясының STEM (ғылым, технология, инжиниринг және математик саласындағы білім беру) саласындағы әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы шеңберінде Қазақстанның техникалық университеттерінің студенттерін ерекше және инновациялық идеяларға тартуға бағытталған  «Экспо-2017» халықаралық көрмесіне және болашақ энергиясы тақырыбына орайластырылған «Student Energy Challenge» сынақтық интеллектуалдық байқауы өткізілді.

Байқаудың қорытындысында үш жеңімпаз команда анықталды:

  – «Synergy», Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, 1-орын;

–  «NU Arlans», Назарбаев Университеті, 2-орын;

–  «Шығармашылық Одақ», М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, 3-орын.

Жеңімпаздарға «Шелл Қазақстан» компаниясынан  10 000, 5 000 және                     3 000 Евро көлемінде ақшалай сыйлық алды. Ақшалай сыйлықпен бірге ұйымдастырушылар жеңімпаз команда университетінде студенттерге арналған «Кәсіпқойлармен сұхбаттасу»  форматында шеберлік кластарын өткізеді.   

Шеберлік класына келіңіздер!

 

 

«Кәсіпқойлармен сұхбаттасу» шеберлік класының бағдарламасы 

5 желтоқсан

 

 

9:00 – 9:30

Тіркеу

09:30 – 11:00

1 шеберлік класы «Кәсіпқойлармен сұхбаттасу: «Индустриалдық және ғылыми химия: химия туралы білім болашақта қалай өзгереді?»

Спикер:

-  К.Ю.Жижин, РҒА Н.С. Курнаков ат. жалпы және бейорганикалық химия институты директорының орынбасары 

- Скундин А.М., РҒА А.Н.Фрумкин ат. Физикалық химия және электрохимия институтының «Тоқтың химиялық көздеріндегі процестер» зертханасының бас қызметкері 

Модератор:

- Е.К.Оңғарбаев, Химия ғылымының докторы, доцент. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті химия және химиялық технологиялар факультетінің деканы

11:00 – 11:30

Интервью, фото

11:30 – 12:30

Кофе-брейк

12:00 – 13:00

Алматы қ. ғалымдарымен, ғылыми-педагогикалық кадрларымен жұмыс кездесуі

13:00 – 14:00

Түскі ас  (шақырулар бойынша)

6 желтоқсан  

 

9:00 – 9:30

Тіркеу

09:30 – 11:00

2 шеберлік класы «Кәсіпқойлармен сұхбаттасу : «Ғылым және жобаларды коммерциялау»

Спикерлер:

-  Ж.Б.Бәкенов, «National Laboratory Astana» жаңа материалдар туралы энергетика және ғылым орталығы директорының м.а.;

-  А.В.Ким, «Ғылыми қор» АҚ стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің директоры

Модератор:

-  А.А.Темірбаев, Әл-Фараби ат. ҚазҰУ ғылыми-технологиялық паркінің директоры

11:00 – 11:30

Кофе-брейк

11:30 – 13:00

 

3 шеберлік класы «Кәсіпқойлармен сұхбаттасу : «Жұмысқа орналасудың қыр-сыры»

Спикерлер:

 Л.А.Катунина, «Аirswift» рекрутингілік компаниясының ТМД елдері бойынша басқарушы директоры;

-  М.Барышева, «Аirswift»  қазақстандық рекрутингілік компаниясының менеджері

Модератор:

-  А.Қазыбаева, «Шелл Қазақстан» еңбек ресурстары бойынша менеджері

13:00 – 14:30

Түскі ас  (шақырулар бойынша