«Қазақстандық кітапханалардың дамуының құқықтық және кадрлік платформасының модернизациясы» атты тақырыпта кітап көрмесі

28.11.2017

Көрулер: 2948

03.11.2017 ж. 5B091000 – Кітапхана ісі мамандығының 3-курс студенттері «Айналаңды нұрландыр» бағдарламасы бойынша және елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар; рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстандық кітапханалардың дамуының құқықтық және кадрлік платформасының модернизациясы» атты тақырыпта кітап көрмесін ұйымдастырды.

Мақсаты: елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар; рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында кітапхана ісінің даму стратегиясын анықтау, кітапхананың жұмысшыларының біліктілігін арттыру, тәжірибе алмасу, өзара ынтымақтастық арқылы юіріккен жобаларды жүзеге асыру.

Өтілетін уақыты мен орны: 3 қараша (жұма), 2017 ж., 10.00 -нан 18.00 сағатқа дейін.

Өтілетін орны: ҚР Ұлттық кітапханасы,   Н. Даулетовой атындағы зал.

Ұйымдастырушылар: т.ғ.к., аға оқытушы  Асанова  Б.С.,  т.ғ.к., профессора п.м.а., Мырзабекова Р.С., оқытушылар Жолдасов А., Суйнова А.Т.