«Мен жастарға сенемін!»

27.11.2017

Көрулер: 3128

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай 29 қараша күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Мен жастарға сенемін» V республикалық патриоттық студенттік фестивальдің гала-форумы өтеді. Оған Қазақстанның барлық  жоғары оқу орындарынан финалистер қатысады.

Форум с­­тудент жастардың патриоттық сезімін арттыруға және еліміздің болашағына деген азаматтық жауапкершілігін көтеруге бағытталған.  «Жандану әлемі» қоры, «Жас Отан» жастар қанаты, ҚР  Жазушылар одағы және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өтеді. Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында өтетін шарада үздік байқау жұмыстары және жеңімпаздар мен лауреаттардың есімдері жарияланатын болады.

Форум 2 кезеңнен тұрады. Оның нәтижелері 4 номинация бойынша анықталады: «Еліміздің инновациялық дамуына менің қосқан нақты үлесім» атты студенттік әлеуметтік маңызы бар  инновациялық жобалар байқауы; «Мен мемлекетімнің гүлденуі үшін не істей аламын?» атты студенттік эссе байқауы; «Мен жастарға сенемін!» тақырыбында студенттік поэзиялық азаматтық-патриоттық шығармалар байқауы; «Мәңгілік ел мұратым!» патриоттық ән байқауы.

Байқау жүлдегерлері дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Бірінші орын алған конкурсанттар бас жүлде  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да бір жыл тегін оқу грантына ие болады. Байқаудың үздік материалдары арнайы студенттік жұмыстар жинағында жарияланады.

 

Өтетін орны мен уақыты: Ө. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайы,

 29 қараша, сағ 16.00

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың

Баспасөз қызметі

8 (727) 377 31 48