Researcher Connect тренингі өтуде

23.11.2017

Көрулер: 2122

ҚазҰУ-да университет базасы негізінде құрылған Алматы қаласы кәсіби даму және өзара әрекеттесу орталығы Британдық кеңеспен бірге зерттеушілердің біліктілігін арттыру бойынша Researcher Connect тренингі өтуде.

Аталған тренинг қарашаның 25 жұлдызына дейін жалғасатын болады.

Researcher Connect – бұл түрлі зерттеу сатысындағы және кез келген академиялық салада жұмыс атқаратын зерттеушілерге арналған интербелсенді курс. Курстың мақсаты халықаралық дәрежеде коммуникациялық дағдыларды жетілдіруді көздей отырып, кәсіби дамуға бағытталған.

Тренингке ЖОО мен зерттеу институттарының арнайы өкілдері қатысуда. Шара барысында қатысушылар өз зерттеулерін ары қарай алға тарту және өз еңбектерін жариялау тиімділігін арттыру үшін пайдалануы мүмкін жазу және сөйлесу дағдыларын жетілдірді үйренеді. Сонымен қатар шара шеңберінде тренинг қызметкерлері, қатысатын ұйымдар өз зерттеулерінің халықаралық мәртебесін және рейтингін бекітетін болады.