«Қазақ халқының музыкалық аспаптары» тәрбие шарасы

30.10.2017

Көрулер: 3422

2017 жылдың 30 қазан күні сағат 19:00-де №14-ші жатақхананың акт залында жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедра оқытушыларының ұйымдастыруымен қазақ тілін меңгеріп жүрген шетел студенттері үшін «Қазақ халқының музыкалық аспаптары» тәрбие шарасы өткізілді. Шараның мақсаты - шетелдік студенттерді қазақ халқының өнер және музыкалық аспаптардың үлгілерімен таныстыру.