Әзілхан Нұршайықовтың 95 ЖЫЛДЫҚ мерейтойы

10.11.2017

Көрулер: 4147

2017 жылы 16 қарашада сағат 14: 00-де  ҚР Ұлттық кітапханасының Кіші залында  әл-Фараби  атындағы ҚазҰУ-дің ЖОО дейінгі білім беру факультеті  шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының ұйымдастыруымен  Қазақстанның Халық жазушысы  Әзілхан Нұршайықовтың 95 ЖЫЛДЫҚ мерейтойына арналған әдеби-шығармашылық кеш өтеді. Кеш барысында жас ақындардың үздік өлеңдері мен прозалық шығармаларынан үзінділер оқылады. 
Кештің екінші бөлімінде Әзілхан Нұршайықовтың шығармашылығына арналып өткізілген  «АДАМ ЖӘНЕ ӘЛЕМ» байқауының қорытындысы бойынша жеңімпаздарға салтанатты түрде  сыйақы тапсырылады. 

Мекенжайы: Алматы қаласы, Абай даңғылы 14. 
Ұйымдастыру комитеті