Жүздіктер арасындағы үздіктер

07.11.2017

Көрулер: 3567

Қиыр Шығыс кафедрасының студенттері Корея жайлы «Golden bell» атты викторинасында тағы да үздік атанды.

Корея Республикасының Бас Консулдығы Халықаралық фестиваль аясында Кореяның білім беру орталығы ұйымдастырған викторинаға Қазақстанның ЖОО-нан 100-ден аса студент қатысты. Олардың ішінен ҚазҰУ-дың студенттері бес жүлделі орынның үш орнына ие болды. Корея тарихы, экономикасы, әдебиеті, мәдениеті және тілі бойынша күрделі байқаудың басты жеңімпаздары: Тұрарбек Әлия (4-курс) 1-орын, Жаңабай Гүлназ (3-курс) 3-орын, Каиргалиева Айжан (3-курс) 4-орынды иеленді. Жеңімпаздар сертификаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Қиыр Шығыс кафедрасының студенттері корей тілі, тарихы мен мәдениеті бойынша жоғары деңгейлі білімдерін көрсетіп, al-Farabi Smart University беделін қорғап шықты.