«Қазақ тілін латын графикасына көшіру реформасы – рухани жаңғыру бастауы»

31.10.2017

Көрулер: 2365

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Қазақ тілін латын графикасына көшіру реформасы – рухани жаңғыру бастауы» атты дөңгелек үстел өтеді.

Дөңгелек үстелге Алматы қалалық әкімдігінің Ішкі саясат басқармасының басшысы Садықов Нұрлан Ерболатұлы, «Казинформ» халықаралық агенттігінің бас директоры Омаров Асқар Қуанышұлы, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Қалиев Талғат Бегімұлы, саясаттанушы Қосанов Әміржан, Қазақстан блогерлер альянсының жетекшісі Байтұқ Ғалым және филология және әлем тілдері факультетінің оқытушы-профессорлары, студенттер мен магистранттар қатысады.

Шара барысында латын әліпбиіне көшу маңыздылығы сараланып, жаңа емле-ережелер жасау және оны оқытудың тәсілдері қарастырылады. Сондай-ақ, дөңгелек үстелде қазақ тілінің жаңа әліпбиіне қатысты өзге де өзекті мәселелер талқыланатын болады.