«Қыз сыны және Жігіт сұлтаны» байқауы

30.10.2017

Көрулер: 3896

2017 жылдың 24 қазаны мен 11 қараша аралығында Алматы қаласы жастар саясаты жөніндегі басқармасының қолдауымен «Q-Fest» жобасы аясында қалалық деңгейде «Қыз сыны және Жігіт сұлтаны» атты байқауы өтеді.

Шара 130 мыңнан аса студенттер білім алатын, бүкіл жоғарғы оқу орындарының шоғыры орналасқан Алматы қаласында алғаш рет болады.

Айтулы сайысты «Рухани жаңғыру» бағдарламасын, Алматы қаласында «Жастар жылы» жобасын қолдау, қазақ халқының ұлтаралық бірлігі мен келісімін нығайту мақсатында әл –Фараби атындағы ҚазҰУ «Керемет жастар ресурстық орталығы»  қоғамдық ұйымы мен  Студенттер Сенатының белсенділері ұйымдастыруда. Сондай-ақ, шара жалпы жастар арасында қазақ халқының салт-дәстүрін насихаттауға, біздің мәдениетіміз жайлы таным, білімін кеңейтуге ықпал етеді. Байқау салауатты өмір салты идеологиясын қалыптастыруға септігін тигізетіні сөзсіз.

Байқау кезінде жастар үшін жаңа мүмкіндіктер ашу, шығармашылық қабілеттерін шыңдау барысында түрлі мастер класстар мен тренингтер өткізіледі.

Өткізілетін уақыты және орны: 24-26 қазан 2017 ж. сағат 11.00-де. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, СҚКО «Керемет», Жастар коворкинг орталығы «Керемет», 2-қабат, 206 кабинет.

Сонымен қатар, кастинг Алматы қаласының басқа да университетерінде өткізіледі. Қосымша  ақпараттарды «Алматы Жастары» желісінен көруге болады.