ҚазҰУ жағажай волейболы бойынша жеңімпаз

25.10.2017

Көрулер: 3581

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың студенттік әйелдер құрама командасы жағажай волейболы бойынша ҚР ІХ Универсиада ойындарында жеңімпаз атанды. Байрақты жарыс 2017 жылдың 16 мен 20 қазан аралығында Талдықорған қаласында болып өтті.

Әйелдер арасында өткен жарыста Таңсұлу Қайырбекова мен Мадина Өтеулина бастаған ҚазҰУ құрамасы жоғары нәтиже көрсетті. Жеңіске деген үлкен сеніммен олар қатысушы 8 команданы басып озды. Атап өту керек, ҚазҰУ студенттері Таңсұлу Қайырбекова мен Мадина Өтеулина жағажай волейболы бойынша 2017 жылғы Қазақстан Республикасының Кубок иегерлері болып табылады. Команда жаттықтырушысы Николай Юдаковтың айтуынша, спортшылар кезекті рет өз шеберліктерін көрсетіп, ҚазҰУ-дың спортта да теңдессіз көшбасшы екендігін дәлелдеді.

Баспасөз қызметі