Түркі дүниесі деректі фильмдері ІІ Халықаралық фестивалі өтеді

25.10.2017

Көрулер: 3171

2017 жылдың 26 қазанында Алматыда Түркі дүниесі деректі фильмдері ІІ Халықаралық фестивалінің Қазақстандық бағдарламасы өтеді. Шараны Түркі дүниесі Журналистер федерациясы мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұйымдастыруда.

Фестивальдің Қазақстандық бағдарламасының шеңберінде Қазақстан, Түркия, Түркменстан, Қырғызстан, Ресейдің (Башқұрстан мен Татарстан) деректі фильмдерінің көрсетілімі болады. Айтулы шараға Түркі дүниесі Журналистер федерациясы мен ORT телеарнасының президенті Мендерес Демир, фестиваль директоры Дюран Сахин (Mercan TV), Стамбұл қаласындағы муниципалитет мәдени жобаларының директоры Салих Доган (Түркия) және өзге де шетелдік құрметті қонақтар, кинотанушылар мен фильм авторлары, бұқаралық ақпарат құралдары және қоғам өкілдері, оқу орнының студенттері қатысады.

Түркі әлемі деректі фильмдерінің халықаралық фестивалі алты елдің жетекші жоғары оқу орындарында өтеді және жастар аудиториясына бағытталып отыр. Авторлық фильмдер өзекті әлеуметтік, мәдени және қоғамдық маңызды тақырыптарға арналады.

 

Өтетін уақыты және орны:

Сағат 11.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми кітапханасында кинофестивальдің ашылу салтанаты (4 қабат)

14.30-18.30 – «Керемет» СҚО кинотеатрында деректі фильмдердің көрсетілімі

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Баспасөз қызметі

8 (727) 377 31 48