«INSPUR» компаниясының өкілдерімен кездесу

23.10.2017

Көрулер: 2888

ҚазҰУ-дың оқу ісі жөніндегі проректоры Асқар Хикметов «INSPUR» компаниясының өкілдерімен кездесті. 

Шараға «INSPUR» компаниясының жетекшісі Джесси Ванг, «INSPUR» компаниясының өкілі Майкл Тони, «INSPUR» компаниясының халықаралық бизнес бойынша Рсейдегі қызметкері Ольга Чен қатысты.

Жиынды ашқан оқу ісі жөніндегі проректор Асқар Хихметов университет қызметінің басты ғылыми бағыты мен құрылымына тоқталып, ҚазҰУ-да суперкомпьютерлік және бұлтты есептеулер орталығын ашу жұмыстары жүргізіліп жатқандығын атап өтті.

Атап өту керек, Елбасы Н. Назарбаевтың Қытайға мемлекеттік сапары барысында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен «INSPUR» компаниясының жетекшілері ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжатта жобаны іске асыру бойынша бірлескен іс-әрекеттің негізгі бағыттары белгіленген.

Кездесу барысында ғылыми-техникалық серіктестік мәселелері талқыланды.

Қытай делегациясы ҚазҰУ-дың IT-технопаркін көріп, жас ғалымдардың жұмысымен танысты.

 

 

Баспасөз қызметі