Қашықтықтан білім беру орталығы ашылады

12.10.2017

Көрулер: 3302

2017 жылдың 13 қазанында әлемдік банк гранты бойынша, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің  метеорология және гидрология кафедрасында, Орта Азияның ұлттық гидрометеорология қызметтеріне (ОАҰГҚ) арналған  қашықтықтан білім беру (ҚББ) желісі орталығының ашылу салтанаты өтеді.  

Орталықтың басты міндеті, ұлттық гидрометеорологиялық қызметті метеоролог және гидролог мамандарға, республиканың ЖОО оқытушыларына және т.б. жоғары гидрометеорологиялық бағыттағы ұйымдар мен қызығушылық танытқан мамандарды оқыту болып табылады.

Қашықтықтан білім беру орталығының ашылу салтанатында метеорлогия және гидрология кафедрасының түлегі, Ресей Федерациясының  қоршаған орта мониторингі және гидрометеорлогия бойынша Федералды қызметінің «Мамандар және басқарушы қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының» проректоры Чичасов Григорий Николаевич дәріс оқиды.

Өтетін уақыты және күні: 13 қазан сағат 11.00 

Өтетін орны: География және табиғатты пайдалану факультеті ГУК-6