ҚазҰУ ректоры халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты атанды

04.10.2017

Көрулер: 4014

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, академик, бірнеше рухани-философиялық өлеңдердің авторы Ғалымқайыр Мұтанов "У ковчезі часу» ("В ковчеге времени") атты украин тілінде жарық көрген өлеңдер кітабы үшін "Сад божественных песень" Украина Халықаралық әдеби сыйлығының 2017 жылғы лауреаты атанып, Григорий Сквороди атындағы медалін иеленді. Украинаның халықаралық әдебиет және өнер академиясының президенті, жазушы, аудармашы Сергей Дзюба Ғалымқайыр Мұтановқа Вениамин Блаженный атындағы халықаралық әдебиет сыйлығын табыс етті. 

Баспасөз қызметі