ҚазҰУ тағы да көш басында

27.06.2017

Көрулер: 2709

Білім беру сапасын қамтамасыздандыру (БСҚА) тәуелсіз қазақстандық агенттігінің рейтингі бойынша ҚазҰУ алғашқы орында. Көпбейінді ЖОО рейтингінің қорытындысы бойынша биылғы жылы да біріншілік қатарын Қазақстанның жетекші оқу орны Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ сақтап қалды.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, академик Е.А.Бөкетов атын­дағы Қарағанды мемлекеттік уни­вер­си­теті, С.Торайғыров атындағы Пав­лодар мем­ле­кеттік университеті жоғары дәрежелі бестікті құрап тұр.

 Атап өту керек, БСҚА Ұлттық рейтингі үш құрастырушы: 1, 2 жəне 3 сауалдамадан тұрады. 1-ші сауалдама студенттер контингенті мен құрамын, олардың білім нəтижелерін, профессорлық-оқытушылар құрамы қызметінің сапасын, ЖОО-ның ғылыми жəне инновациялық қызметін, халықаралық ынтымақтастығын қамтитын академиялық статистикалық индикаторлар мен критерийлерді, сонымен бірге, ғаламтордағы ақпараттық көрсеткіштерді ұсынады. 2-ші сауалдама ЖОО сарапшыларының алдында ЖОО-ның мəртебесін көрсетсе, 3-ші сауалдама жұмыс берушілер алдында ЖОО-ның мəртебесін бағамдады.

Баспасөз қызметі