ҚазҰУ мен МФТИ меморандумға қол қойды

27.06.2017

Көрулер: 3473

ҚазҰУ мен Мәскеу физико-техникалық институты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

ҚазҰУ-дың ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректоры Тілекқабыл Рамазанов   Мәскеу физико-техникалық институтының халықаралық білім беру орталығының делегациясымен кездесті.

Кездесуде Мәскеу физико-техникалық институты мен ҚазҰУ арасындағы қос дипломдық бағдарлама бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, ғылым мен білім саласындағы маңызды бағыттар талқыланды. Сондай-ақ ҚазҰУ-дың физика-техникалық және механика-математика факультетінің декандары Мәскеу физика-техникалық институты әріптестерімен  магистрант, докторанттарды тәжірибеден өткізу және академиялық ұтқырлықты ұтымды пайдалану мен ұйымдастыру тақырыптары жөнінде өзара ынтымақтастық туралы келісімге келді. Меморандумға сәйкес Тянь-Шань биік таулы ғылыми бекеті үшін мамандар даярланатын болады.

Баспасөз қызметі