«Инновациялық дамуды және кәсіпкерлікті басқару»

16.06.2017

Көрулер: 4052

Экономика және бизнес жоғары мектебі 2017 жылдың 28 маусымынан 4 шілдеге дейін «Инновациялық дамуды және кәсіпкерлікті басқару» халықаралық жаздық мектебін өткізеді.

      Халықаралық жаздық мектеп аясында тыңдармандарға Экономика және бизнес жоғары мектебінің оқытушыларының және шетелдік профессорлардың келесі курстары ұсынылады:

-         Инновациялық кәсіпкерлік

-         Кәсіпорындардағы микроэкономикалық модельдеу

-         Шешім қабылдау

-         Инновациялық менеджмент

-         Бизнес – жоспарлау

-         Заманауи жағдайдағы басқару есебі

-         Шешім қабылдаудағы бизнесті бағалау және талдау

-         Қаржылық тәуекелдерді басқару

-         Кәсіпкерлік қызмет аясындағы қаржы

Халықаралық  жаздық мектепте оқу орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Оқудың қорытындысы бойынша тыңдармандарға сертификат беріледі.

Халықаралық жаздық мектепте білім алу бағасы 10000 теңге. «Инновациялық дамуды және кәсіпкерлікті басқару»  халықаралық жаздық мектепке қатысу үшін 2017 жылдың 23 маусымына дейін төменде көрсетілген үлгіні толтырып, janat.kazbekova@kaznu.kz  электронды мекенжайына жіберу керек. 

 

Қатысушының Т.А.Ә.

телефон

e-mail

Университет, факультет, мамандық