ҚазҰУ құрамасы халықаралық турнирге қатысуда

14.06.2017

Көрулер: 3627

ҚазҰУ-дың баскетбол құрамасы Гонконгта жоғары оқу орындарының арасында өтіп жатқан халықаралық турнирге қатысуда.

Алғашқы күні ҚазҰУ командасы 79:80 есебімен «National Taiwan University of Science and Technology» құрамасынан жеңіліп қалды. Ал бүгін ҚазҰУ-лық баскетболшылар «South China University of Technology» командасымен кездесіп, 69:40 есебімен жеңіс тұғырынан көрінді.

Біз спортшыларымызды шын жүректен құттықтап, табысты ойын, талассыз жеңіс тілейміз!

Баспасөз қызметі