ҚазҰУ мен Төтенше жағдайлар және табиғи апаттардың қаупін төмендету орталығы ынтымақтастық меморандумына қол қояды

14.06.2017

Көрулер: 3736

2017 жылдың 16 маусымында Төтенше жағдайлар және табиғи апаттардың қаупін төмендету орталығында (ТЖжТАҚТО) әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен ТЖжТАҚТО арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылады.

Меморандум аясында бірлесіп жобаларды жүзеге асыру мақсатында сарапшылардың деректер базасын құрастырып, үнемі жаңартып отыру, бағдарламалық өнімдер шығару, академиялық ынтымақтастықты дамыту, білім беру саласында мамандар тарту, тренингтер, біліктілікті арттыру курстары мен жазғы мектеп өткізу және тағы басқа шаралар жоспарлануда.

Өткізілетін уақыты: 16 маусым 2017 жыл, сағат 15:00

Өткізілетін орны: Төтенше жағдайлар мен табиғи апаттардың қаупін төмендету орталығы, Амангелді көшесі, 73

Байланыс телефондары: ҚазҰУ, халықаралық құқық кафедрасы,

8(727) 243 83 22, 8-707 917 77 61 Данила Татаринов