Интернационалдық сарапшылар тобының халықаралық конференциясы

14.06.2017

Көрулер: 3758

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде интернационалдық сарапшылар тобының халықаралық конференциясы өтеді. Шара аясында шетелдік ғалымдар Еуразиялық Жібек жолын бірлесіп зерттеу мәселелерін тәжірибелік тұрғыдан талқылайтын болады.

Конференция барысында Оңтүстік Корея, Франция, Ресей, Румыния, Иордания, Вьетнам, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан мемлекеттерінің қатысушылары «Еуразиядағы ерте дәуірдің темір ғасырындағы Жібек жолындағы мәдениетпен алмасу», «Жібек жолы картасының стандартизациясы» сынды бірқатар тақырыптарды талқылауды жоспарлауда.

Ұйымдастырушылар: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Корея географиялық қоғамдастығы, Еуразиялық темір жолдары зерттеу орталығы, Кореялық ерте темір дәуірін зерттеу қауымдастығы, Тэгу өнеркәсібі және технологияларын зерттеу орталығы.  

Өткізілетін уақыты: 20 маусым 2017 жыл, сағат 9:00

Өткізілетін орны: әл-Фараби атындағы кітапхана, 409 конференция залы

Байланыс телефондары: 8 (727) 221 12 26, 221 12 74.