Рухани жаңғыру жолындағы медиакеруен

08.06.2017

Көрулер: 2886

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қазақ қоғамының мәдени, рухани құндылықтары жайында көп дүние айтылды. Латын әліпбиіне көшуден бастап, «Туған жер», «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиялық белдеуі», сондай-ақ «Жаныңда жүр жақсы адам», «100 жаңа есім» атты бағдарламалық жобалардың түп-төркінінде ұлттық рухты көтеру, ізгілікті арттыру, әр адамның кеудесіне іңкәрлік сезімді ұялату жатқаны анық. Ал бұл міндеттерді жүзеге асыру ақпарат құралдарына жүктелетіні рас.  

Елімізде орын алып жатқан позитивті дүниелердің графикасын, динамикасын жасауды көтеруіміз керек. Себебі, бұл қоғамның дамуына, азаматтардың елдің болашағына деген сенімін арттырады. Біз алғаш болып ғалымдар тобы гуманитарлық технологияны зерттеп келеміз. Бұл билік пен азаматтар арасындағы сенімді арттыру технологиясы. Ғылым саласы белгілі бір нәтижеге жетсе де, оның гуманизмдік жағын ойлауымыз керек. Себебі, гуманизмдік платформа болмай, ішкі өзегі мәнсіз болып қалады. Кез келген атқарған жұмыстың сыртқы формасы бар да, ішкі өзегі болады. Сол ішкі өзекті гуманитарлық білімнен іздеп отырған мақала заман талабына сай жарияланды. Ұлттық саналы қоғам болмай, көптеген реформаларды, қадамдарды қалыптастыра алмаймыз. Оның бәрі «Жаныңда жүр жақсы адам», «100 жаңа есім» не болмаса «Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуі» бағдарламасын айтты. Бізді кез келген жұтаңдықтан сақтап, аман алып шығатын символдық қалқанымыз әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы. Бұл өте керек нәрсе. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бір топ ғалымдары менің жетекшілігіммен 2013 жылдан бері «Қазақ елі» студенттер экспедициясын жасақтадық. Мұндағы мақсат – тәуелсіздік алғалы бергі жаңа қасиетті орындарға барып, қазақ халқының тарихи-семантикалық атласын жасау керек болды. Бұл ғылыми міндетті орындап келеміз. Жоба әлі жалғасын табуда. Жастар үлес қоссын деп студенттік экспедиция деп атадық. Жастарды ғылымға баулу мақсатында өзімнің мемлекеттік грантымның аясында қаржыландырдым. Жастар мұндай жобаға қатыса отырып, елге деген жерге деген сүйіспеншілігін арттырады.

Сондықтан біздің үш жыл бұрын қолға алған идеямыздың Елбасының мақаласында айтылған ұсыныстармен дөп түскеніне және оған шама-шарқымызша үлес қосып жатқанымызды мақтаныш тұтатыз.

Осы уақытқа дейін жүргізіп келе жатқан «Қазақ елі» экспедициясының да мақсаты Елбасының идеясымен сабақтасып тұр. Мұны Президент тарапынан қолдау деп білдім. Жұмысымызды өте серпінді түрде жалғастыруға дайынбыз. Биыл жазда экспедицияның ауқымын кеңейтуді қолға аламыз. Біз археологтар ғалымдармен бірге көне патшалар мекеніне атбасын бұрамыз. Астана мен Алматы ғалымдары Берелде кездесіп, Зейнолла Самашевтің 70 жылдығын атап өтіп, көптеген шараларды ұйымдастырамыз деп отырмыз. Археологтар  мен студенттер ашық дала семинары және әр аймақта арналған мобильді мектеп аясында археолог-ғалымдарға көне жәдігерлерді сандық форматқа көшіру, мультимедиалық тұғырнамаға қалай ауыстыру жөнінде шеберлік сыныптарын өткіземіз. Біздің бұл бастаманы ЮНЕСКО және БҰҰ-ның Қазақстандағы департаменттері тарапынан және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі қолдау білдіріп отыр. Биыл өтетін шара үлкен кешенді қадам. Сондықтан біз қазақ халқының кіндік көне өркениетіміздің дамыған жерінен медиа керуенді бастаймыз. Археолог-ғалымдар мен журналистер қасиетті орындарды аралап, жазбасын түсіріп, соңында Берелде басты шараларды жүзеге асырамыз деп жоспарлап отырмыз.

Медиакеруен «Ұлы Алтай жолымен» деп аталады. Медиакеруеннің құрамында 5 экспедиция бар. Бұған дейін бізде әр университеттің ғалымдары біріккен жобасы болмады. Екі универсиетет ғалымдарымен қоса, Германиядан, Ресейден, Түркиядан ғалымдар келіп қосылады. Олар далада ашық аспан астында, қорған жанында мультимедиалық тұғырнама қалыптасу жолымен көне жәдігерлерлдің, құндылықтардың виртуалды образын жасауға орай шеберлік сыныбып ұйымдастырамыз. Қолдағы бар жәдігерлердің виртуалды алаңға көшуіне ықпал ете аламыз. Бұл елімізде бесінші мәрте өтетін «Мобильді мектеп» аясында өтеді. Бұған дейін төрт аймақта: Павлодар, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Астана қаласында өтті. Сол өңірдегі журналистермен бірігіп, қасиетті орындарда шеберлік сыныбын өткізу, елге сауатты ақпарат жеткізуді. ЮНЕСКО-ның медиа және ақпараттық сауаттылық бағдарламасы аясында жүзеге асты. Арыстанбабта, Түркістанда болды. Біздің медиакеруен траекториясы екі батыттан бастау алады. Алматы-Шілікті-Күршім-Берел; Астана-Шыңғыстау-Берел. Берел тарихи мемлекеттік мұражайында өтеді. «Берел» экспедициясының жетекшісі Зейнолла Самашев, «Алтай» археология экспедициясының жетекшісі Ғани Омаров, «Шілікті» археологиялық экспедициясының жетешісі Әбдеш Төлеубаев, «Шыңғыстау» экспедициясының жетекшісі – Ұлан Үмітқалиев, «Қазақ елі» экеспедициясының жетекшісі мен, әл-Фараби ат. Қазақ ұлттық университетінен үш экспедиция, Л. Гумилев ат. Еуразия ұлтттық университетінен  екі экспедиция жасақталуда. Бұл кешенді шара елдіміздегі ғылым, мәдени тұрғыдан серпін жоба болғалы тұр. Бірнеше экспедиция бас қосып, қазба жұмыстарынан бөлек, ағарту шараларын өткізеді. Бұл идеялық ұсынысты өзім тастадым. Бір жиында археолог ғалымдар Берелге жол жүреді дегенді естіп, жетекшісін тауып жоспарымды айттым. Археолог-ғалым Ғани Омаровқа көп рахмет. Осы жобаны бірден қолдап, қазір жан-жақты келісім, дайындық жобаларын бастап кеттік. «Ұлы Алтай жолымен» демекші, біз Алтайға жол тартамыз. Берел – көне патшалар мекені деп атайды. Былтыр ғана мемлекеттік қолдауымен ашық аспан мұражайы салынды. Біз бұл жоба арқылы Берел аймағын ЮНЕСКО-ның мәдени мұрағаттар тізіміне қосуды ұсынбақшымыз. Бүкіләлемдік деңгейде тұрақты туризм дамуына да осы шаралар арқылы ықпал еткіміз келеді.  Көптеген ғадымдармен ақылдаса отырып, туризм картасын сызып, көне жәдігерлерге елдің, жұрттың назарын аудару керек. Қазақстан Алтайында әлі инфрақұрылым дамымаған, мәселе жетеді. Ғалымдардың басын қосатын керуенге үлкен жүк артылып отыр. Бұл шараға мемлекеттік қолдау болса, оның өміршеңдігін танытады.