ҚазҰУ ғалымдары ҚР ҰҒА академигі атағын алды

03.06.2017

Көрулер: 4377

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының (ҚР ҰҒА) академиктер мен корреспондент-мүшелері сайланды.

ҚР Ұлттық ғылым академиясының жалпы жиын отырысының шешімімен «Химия» мамандығы бойынша ҚазҰУ-дың бірінші проректоры, химия ғылымдарының докторы, профессор Мұхамбетқали Бүркітбаев ҚР ҰҒА академигі атанды. «Физика» мамандығы бойынша физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректор Тілекқабыл Рамазанов ҚР ҰҒА академигі болып сайланды. Молекулалық биология және генетика кафедрасының профессоры, биология ғылымдарының докторы, биотехнология және биология мәселелері ғылыми-зерттеу институтының директоры Амангелді Бисенбаев ҚР ҰҒА академигі атанды. «Биология» мамандығы бойынша биология және биотехнология факультетінің деканы, биология ғылымдарының докторы, профессор Болатхан Заядан ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі атағына ие  болды.

ҚазҰУ ұжымы ғылыми жоғары дәрежеге ие болған әріптестерін шын жүректен құттықтайды!!!

                               

Баспасөз қызметі