V Журналистика және коммуникация Халықаралық Жазғы мектебі - ISSJC 2017

02.06.2017

Көрулер: 4467

2017 жылы 13-15 шілде аралығында Жаһандық Медиа және Ақпараттық сауаттылық апталығы аясында ЮНЕСКО әлеуметтік желілеріндегі #MILCLICKS қозғалысы қолдауымен «Медиа және ақпараттық сауаттылық: мәдениетаралық диалог жаңа парадигмасы» V Халықаралық Журналистика және коммуникация жазғы мектебі өтеді.

Жазғы мектеп модульдары:

1 модуль: Медиа және ақпараттық сауаттылық және мәдени плюрализм;  

2 модуль: Медиа және ақпараттық сауаттылық және мәдениеттер тоғысы.

Үш күн бойына аталған модульдар аясында семинар-тренингтер мен шеберлік-сыныптары өтеді. Жазғы медиа мектеп жұмысына Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Грузия және Әзірбайжан елдері БАҚ өкілдері, жас журналистер, блогерлер және Астана, Алматы, сондай-ақ Қазақстан өңірлерінен мамандар қатысады.

 

Уақыты: 13-15 шілде 2017 ж.

Өтетін орны: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Ыстықкөлдегі спорт-сауықтыру кешені, Қырғызстан, с. Бөзтері.

Ұйымдастырушылар:

Алматы қ. ЮНЕСКО Кластерлік Бюросы;

Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымы Ақпарат Бюросы қолдауымен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Журналистика факультеті «Медиасфера» Гуманитарлық зерттеулер ғылыми орталығы.

Ақпараттық серіктестер:

«БАҚ қолдау орталығы» ҚҚ, Бішкек, Қырғызстан;

Қазақстандағы «Internews Network» өкілдігі, Алматы;

«Бас редакторлар клубы» ҚБ, Астана, Қазақстан;

«Байтақ Болашақ» Экологиялық Альянсы РҚБ, Астана, Қазақстан;

«Өрлеу» Біліктілікті арттыру орталығы, Алматы, Қазақстан;

«Қазмедиаорталық» БК» ЖШС, Астана, Қазақстан;

«Қазконтент» АҚ, Астана, Қазақстан;

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы, Алматы, Қазақстан;

«Youtube Kazakhstan Genesis MCN» компаниясы, Алматы, Қазақстан;

«АrtGeorgia» ақпараттық порталы, Тбилиси, Грузия;

«Сусамыр» Қоғамдық радиосы, Бішкек, Қырғызстан;

«Алмаз» қоғамдық радиосы, Бішкек, Қырғызстан;

«Радиомост» Қоғамдық радиосы, Талас, Қырғызстан;

«Мінбер» журналистерді қолдау орталығы» ҚҚ, Алматы;

«Ұлттық Интернет Ассоциациясы» ҚБ, Астана, Қазақстан;

«Қазақ университеті» баспа үйі, Алматы;

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ТРК, Алматы.

«Сұңқар» студенттік кәсіподақ комитеті.

Байланыс: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультеті «Медиасфера» Гуманитарлық зерттеулер ғылыми орталығы Гүлмира Серікбайқызы Сұлтанбаева, +77372211492, моб: +77073777049; +77011527488

e-mail: summerschoolkz@gmail.com; Gulmira.Sultanbayeva@kaznu.kz