Баршаңызды қатысуға шақырамыз!

02.06.2017

Көрулер: 5075

            Баршаңызды қатысуға шақырамыз!

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылыми-технологиялық паркі 2017 жылдың 5-маусымында үкіметтік емес Аналитикалық экологиялық агенттігі “Greenwomen” (Алматы) ұйымымен бірге Бүкіләлемдік Қоршаған Ортаны Қорғау Күніне арнайы дөңгелек үстел өткізеді.

Дөңгелек үстел аясында Қазақстандағы және ШЕКОА (Шығыс Европа, Кавказ және Орталық Азия) нанотехнологияның дамуы жайында сұрақтарды қарастыру жоспарлануда.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – Қазақстанда дамып жатқан нанотехнологиялық жобалар туралы адамдарға ақпаратты жеткізу.

Өткізілетін уақыты мен мекенжайы: 10.00-12.00; әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, әл-Фараби даңғылы, 71, әкімшілік корпус 2, конференц-бөлме (фойе).

Сонымен қатар, қатысушылар үшін «жасыл технологиялар аймағы» бойынша экскурсия жүргізілетін болады.

Дөңгелек үстел қатысушылары: ғалымдар, ҮЕҰ өкілдері, мемлекеттік органдардың қызметкерлері және халықаралық ұйымдар, сарапшылар мен журналистер.

Ұйымдастырушылар:

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылыми-технологиялық паркі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Экологиялық ақпаратқа қол жеткізуді көтермелеу, экологиялық шешімдерді қабылдауға қоршаған ортаны қатыстыру саласында мамандандырылған ҮЕҰ Аналитикалық экологиялық агенттігі “Greenwomen”.