Рухы биік ҚазҰУ жастары

02.06.2017

Көрулер: 2569

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында ҚазҰУ-дың студенттік-құрылыс жасағының (СҚЖ) мүшелері ҚР әнұранын орындады.

Біртоп студенттер таң шапағын шашып, жұмыс күні басталған уақытта Ө.Жолдасбеков сарайының алдына жиылып, әсем әуезбен, әдемі нотада әнұран айтты. Жұмысшы білімгерлердің бұл бастамасы ҚазҰУ қалашығы тұрғындарының патриоттық сезімін оятып, рухын одан әрі арттыра түскені рас.  

Атап өту керек, Студенттік құрылыс жасағы ҚазҰУ-да  Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты  Қазақстан халқына жолдауын және Алматы қаласы Әкімдігінің «Алматы қаласы студенттік құрылыс жасақтарының штабы туралы» қаулысын орындау мақсатында құрылды. 2012 жылдан бастап СҚЖ ҚазҰУ қалашығының аумағын тазарту, абаттандыру жұмыстарын атқарып келеді.

 

Баспасөз қызметі