Кавказ университеттер Одағы ҚазҰУ-да

19.05.2017

Көрулер: 3913

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға Кавказ университтер Одағының мүшелері келді. Олар университет кампусымен танысып, Әл-Фараби кітапханасын, «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығын аралады.

Атап өтелік, мерейлі меймандар қатарында Кавказ университеті Одағының Президенті, Малтепе университетінің ректоры Рамазан Коркмаз, Бандирма Онеди Эйлюль университетінің ректоры Сүлейман Өздемір, Джумхуриет университетінің ректоры Әлім Йылдыз, Фырат университетінің ректоры Ильхан Оғұз Ақдемір, Ахи Эвран университетінің ректоры Ватан Каракайя және Кахраманмараш Сютчю Имам университетінің ректоры Дурмуш Девечи, Мустафы Кемаль университетінің ректоры Хасан Кайя және өзге де Кавказ елінің озық оқу орындарының басшылары болды.

Шара барысында Түркия университеттерімен білім мен ғылым саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланып, екі ел арасындағы өзара байланысты нығайту жайы сөз етілді. Бұл туралы кіріспе сөзінде ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов тілге тиек етіп, Қазақстанның негізгі стратегиялық әріптесі ретінде Түркияның рөлін ереше ескеріп өтті. Өз кезегінде Кавказ университеті Одағының Президенті Рамазан Коркмаз әрі қарай ынтымақтастық бағдарламаларын жүзеге асыруда университеттің жоғары қабілетін айрықша атады. ҚазҰУ ұжымының қонақжайлығына тәнті болған Р. Коркмаз ордалы оқу ордасы басшылығына алғысын білдіріп, ризашылығын жасырмады.

Баспасөз қызметі