IX Жазғы универсиада ойындары

18.05.2017

Көрулер: 3372

Петропавлда ҚР ЖОО жүзуден IX Жазғы универсиада ойындары басталды. Университет құрамасындағы он спортшысы алғашқы өткен жарыс күні жақсы көрсеткіштерді көрсетіп, қарсыластарын қынжылтты.

Жүзуден Қазақстан Республикасының ЖОО арасындағы IX жазғы Универсиада жарысы біздің спортшылар үшін сәтті аяқталды. ҚазҰУ құрама командасы жарыста жеңімпаз атанды. Біздің жүзушілердің барлығы - Медицина факультетінің «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының студенттері: Эльмира Ибраим, Диана Айгалиева, Мария Иванова, Сымбат Назаралиева, Анна Гахокидзе, Артур  Дильман, Георгий Гахокидзе, Руслан  Бариев , Владимир Толикин және Алмат Шынтаев. Жаттықтырушылар: Андрей Геннадьевич Хохлов, Куат Орынбекович Макашев. Спортшылар мен жаттықтырушыларды жеңістерімен құттықтаймыз! ҚазҰУ спортшыларына сәттілік тілейміз!

                                                                                                                      Баспасөз қызметі