«Болашақ ғалымдары»

18.05.2017

Көрулер: 3415

Ғылым қызметкерлерінің күніне орай ҚазҰУ-дың «География» мамандығының 4-курс студенті Алтынай Каримова ең үздік ғылыми жұмысы үшін жаратылыстану, техникалық және гуманитарлық бағыттары бойынша өткізілетін «Болашақ ғалымдары» байқауының дипломымен және медальімен марапатталды.

А. Каримованың ғылыми жұмысына профессор, география ғылымдарының кандидаты Амангелді Темірбеков жетекшілік етті.

«Болашақ ғалымдары» республикалық байқауы 2008 жылы Елбасы – Қазақстан Республикасының Бірінші Президентінің Қорымен бекітілді. Байқаудың мақсаты – студент жастарды кәсіби дами түсуге ынталандыру және қолдау білдіру, сондай-ақ, Қазақстандағы ғылымның одан әрі дамуы мен жастардың әлеуетін ашу.

Баспасөз қызметі