Шығыс медицинасы туралы дәріс

02.05.2017

Көрулер: 5008

«Чонг-Ён» Медициналық қорының студенттерге арналған Шығыс медицинасы туралы арнайы дәрісі өтті 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шығыстану факультетінің Қиыр Шығыс кафедрасында «Чонг-Ён» Медициналық қорының кезекті арнайы дәрісі өтті. «Чонг-Ён» Медициналық қоры Корей Республикасындағы алдыңғы қатарлы медициналық орталықтардың бірі болып табылады. Сонымен осы медициналық орталық Корей шығыс мединасын Қазақстанда насихаттап, халықты таныстыру үшін Корей Республикасының басшылығы және Денсаулық сақтау Министрлігімен таңдалған. Лекцияны «Чонг-Ён» Медициналық қорының шығыс медицинасы клиникасының директоры және дәрігері Квон Мин Гу оқыды. Бұл арнайы дәрісті өткізудің негізгі мақсаты шығыс және батыс медицинасымен, терминдері мен емдеу технологиясымен таныстыру болды. Арнайы дәріс тек студенттердің ғана емес, профессорлардың да қызығушылығын тудырды. Бұл дәрісті тығдауға тек корейтанушы студенттер ғана емес, жапонтанушы студенттерде қатысты. Бұл кездесу болашақта Қиыр Шығыс кафедрасы мен «Чонг-Ён» Медициналық қорының серіптестігіне өз септігін тигізеді. Оның басты себебі осы Медициналық қор Қазақстанда жеке емханасын ашу барысында. 

                                                                                                                                                         Қиыр Шығыс кафедрасы