ҚазҰУ-дағы неміс тілі апталығы

25.04.2017

Көрулер: 4801

Халықаралық қатынастар факультетінде ҚР мен ГФР арасындағы екіжақты қатынастардың 25-жылдығы, Неміс зеттеу орталығының 5-жылдығына орай «Германия - Неміс тілі» («Deutschland – Deutsch») атты апталық ұйымдастырылды.

Неміс қоры мен институттары өкілдерімен кездесулер, семинарлар, Неміс үйіне сапар, неміс киносының көрсетілімдері, Германияның ұлы музыка туындыларымен, өнерімен танысу іс-шаралары – Гёте атындағы Институты директорының орынбасары, тілдер курсының басшысы Констанце Крюгердің  қатысуымен өткізілген дөңгелек үстелмен қорытындыланды. Сондай-ақ, дөңгелек үстелді өткізуге – Неміс зерттеу орталығының директоры, профессор М.Ш.Г убайдуллина, дәріс беруші DAAD Флориан Так (Florian Tack), доц. Е. Чукубаев, доц. Ж. Идрышева, доц. Л. Котиева өз үлестерін қосты.

«Сен Германия әрі неміс тілін білесің бе?» атты сұрақ-жауап викторинасында ерекше белсенділік танытқан қатысушалыр Гёте атындағы Институт тарапынан тамаша сыйлықтарға ие болды.

Констанце Крюгер Гёте атындағы Институтының жаңа бағдарламаларын таныстыра отырып, шығармашылық жобалар (актерлік, әдеби әрі музыкалық шеберлік) аясындағы шәкіртақылардың барын да атап өтті. Гёте атындағы Институт Қазақстанда 1994 жылдан бері өз жұмысын атқаруда. Осы уақыт арасында Халықаралық қатынастар факультетімен де өз жұмысын жемісті атқарып келеді. Аталмыш орталықтарда тіл үйренемін деген кез келген адам неміс тілін коммуникативті әдістермен меңгере отырып, сапалы білім ала алады әрі неміс стандарттарына сай экзамендерді тапсыру мүмкіндігіне де ие.

Гёте атындағы Институт жастарды шәкіртақы сыйларымен қолдап тұрады, Қазақстанда еуропалық мерекелік іс-шаралар өткізіп басқа да көптеген екіжақты қатынасты дамытуға бағытталған жұмыстарды атқарады. Институт жанында студенттер мен оқытушыларға арналған қосымша кітапхана, аудио және фильмдер жинақтары бар. Осы және басқа да бағыттардағы көптеген жұмыстарды Гёте атындағы Институт әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Неміс зерттеу орталығымен тығыз байланыста бола отырып атқарады.

Халықаралық қатынастар факультеті