Халықаралық «Наурыз» мерекелік концерті

28.03.2017

Көрулер: 3556

ҚазҰУ-да Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында Түркі халықтары өнерпаздарының қатысуымен халықаралық "Наурыз" концерті өтті. Шараны ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай «ТҮРКСОЙ» халықаралық ұйымы мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ұйымдастырды. Мерекелік шараға Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Башқұрстан, Татарстан, Саха-Якутия Республикасы мен Қазақстан өнерпаздары атсалысты.