«ӘЛ-ФАРАБИ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН»

24.03.2017

Көрулер: 4956

«IV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФАРАБИ ОҚУЛАРЫ» аясында (4-18 сәуір)

 2017 жылдың  4-5 сәуірінде 

«ӘЛ-ФАРАБИ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН» атты

ІV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФАРАБИ ФОРУМЫН өткізеді.

Форум жұмысының негізгі бағыттары:

  1.  Ұлт жоспарын жүзеге асыруда зерттеу университеттерінің рөлі: Қазақстанның  үшінші модернизациясы
  2.  Заманауи өркениеттер сұхбатындағы Әл-Фараби философиясы
  3.  Әл-Фараби ғылымдарының классификациясы және қазіргі жаратылыстанудың өзекті мәселелері
  4.  ХХІ ғасыр инновациялық әлеуеті және тұрақты даму мәселелер
  5.  Ғылыми өлшем және қоғамның ғылыми-технологиялық дамуын басқару
  6.  Адам капиталы ұлттың интеллектуалды әлеуетінің негізі ретінде

Форум аясында келесі дискуссиялық алаңдар өз жұмысын жүргізеді:

I пікір-сайыс алаңы «Философия менің өмірімде» студентттер арасындағы республикалық эссе сайысы.

II пікір-сайыс алаңы «Заманауи Қазақстандағы жаңа діни құрылымдар мен миссионерлік қызмет».

III пікір-сайыс алаңы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: мәселелері мен перспективалары».

IV пікір-сайыс алаңы «Мәңгілік ел» қазақ мемлекеттілігінің арғы қарай кемелденуі мен рухани дәстүрлер, мәдениеттер трансформациясының негізі ретінде» халықаралық ғылыми-практикалық конференция.

V пікір-сайыс алаңы «Мәдениетаралық коммуникация және өзгермелі әлемдегі интеграция мәселелері» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік онлайн-конференция.

VI пікір-сайыс алаңы «Әлеуметтану және білім: білім қоғамындағы мамандар мәселесі».

VII пікір-сайыс алаңы «Тұрақты даму тұжырымдамасы тұрғысында педагогика мен білім беру мәселелері». 

VIII пікір-сайыс алаңы «Әл-Фараби және қолданбалы психологияның заманауи мәселелері».

пікір-сайыс алаңы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетімен бірге «Философиялық пәндерді жалпыға білім беру түрінде университетте оқыту: қазіргі жай-күйі мен мәселелері» халықаралық ғылыми он-лайн конференция.

 

 

ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ

Форумның жұмысына қатысу үшін 2017 жылдың 27 наурызына дейін ұйымдастыру алқасына өтініш және тезис мәтінінің электронды нұсқасын келесідегідей формада рәсімдеп, өткізу қажет. Өтініш қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде болу керек. Өтініш:

1. Аты-жөні

2. Жұмыс орны (ұйымның, кафедраның толық атауы)

3. Қызметі

4. Ғылыми немесе академиялық атағы

5. Ғылыми дәрежесі

6. Байланыс телефондары, e-mail

7. Секция

8. Баяндама тақырыбы

 

ЖАРИЯЛАНЫМ ТАЛАПТАРЫ 

Мақалаларды рәсімдеуге қойылатын талаптар:

Сіздердің назарларыңызға келесі міндетті талаптарды ұсынамыз: Конференцияға 1-2 беттік тезис қабылданады. Екі бірлік арақашықтықтан кейін төменде автордың аты-жөні жартылай қаралау шрифтпен. Жұмыс орындалған ұйым, қала, мемлекеттің толық атауы, авторлардың бірінің e-mail поштасы. Автордың жұмыс орнына сілтемені көрсету қажет. Ағылшынша транслитерацияда авторлардың аты-жөні. Көрсетілуі тиіс: факультет (ҒЗИ, департамент), университет, қала, мемлекет. Кафедра, бөлім және тағы басқа бөлімшелерді көрсетудің қажеті жоқ. Одан төмен бір арақашықтықтан кейін қысқа түйін (100- 250 сөзден аспайтын). Берілген мақалаға жататын түйін сөздерді (Key words) қосу қажет, себебі қазіргі ақпараттық жүйелердің көпшілігі мәнмәтіндік іздеулерді ғылыми жарияланымның атауы мен аннотациясы арқылы жүзеге асырады. Дара арақашықтықпен жазылған бір бағанадағы мақаланың мәтіні. Мақаланың мәтіні тікелей Times New Roman шрифтінде, өлшемі 12.  Жолдар арасындағы арақашықтық бірлік. Беттің барлық жағы 2 см. Соңында «Әдебиеттер тізімі (References)» беріледі. Әдебиетке жасалған сілтемелер шаршы жақшаларда [1] мақаланың соңында мәтінде көрсетілуі бойынша келтіріледі. Әдебиеттер тізімін (References) жоғарыда аталған МЕМСТ бойынша рәсімдеу қажет. Тізім мақаланың негізгі мәтініне сәйкес келуі, ондағы барлық аталмыш жұмыстар (және тек аталғандар ғана) болуы тиіс. Ағылшын тілді емес әдебиет жалпыға ортақ ағылшын транслитерийі түрінде болуы тиіс.

Түйіндеме қазақ, орыс, ағылшын тәлдерінде болуы қажет, көлемі (2–3 қатар).

 

Өтініштер мына мекен-жай бойынша қабылданады:

Қазақстан Республикасы, 050012, Алматы қаласы,

Масанчи көшесі 39/47 (Бөгенбай батыр көшесінің қиылысы),  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, философия және саясаттану факультеті, 314 а - бөлме

Телефон: 292-57-17 (2182)

Онлайн тіркелу: farabiforum.kaznu.kz

e-mail: farabiforum@gmail.com