«Құс қанатындағы жыр» атты поэзия кеші

25.02.2017

Көрулер: 4385

2017 жылдың 25 ақпан күні Алматы қаласы «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасында, сағат 12:00-де «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында ақын Гүлбақыт Қасеннің «Құс қанатындағы жыр» атты поэзия кеші өткізілді.

Мақсаты: Жастардың рухани байлығын арттырып, өнеріміздің көсегесін көгерткен тұлғалардың бірегейі, қазақ поэзиясының марқасқасы Гүлбақыт Қасеннің шығармашылығын насихаттап, жастардың бойында патриоттық рухты қалыптастыру.

Ұйымдастырушылар: Дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының аға оқытушысы, т.ғ.к.: Асанова Б.С., т.ғ.к, доцент: Сабденова Г.Е.