"Тарихы терең – Мәңгілік ел" атты кездесу

15.02.2017

Көрулер: 5206

15.02.2017 күні сағат 12.00 – 15.00 аралығында Алматы қаласының № 146 қазақ орта мектебінде тарих, археология және этнология факультеті оқытушы-профессорларының (т.ғ.д., профессорлар Омарбеков Т.О., Кәрібаев Б.Б., т.ғ.к., доценттер Құнапина Қ.Қ., Ноянов Е.Н., Қартабаева Е.Т., PhD доктор Құмғанбаев Ж.) мектеп оқушыларымен кездесуі өтті. Кездесудің тақырыбы: «Тарихы терең – Мәңгілік ел» Кездесу барысында факультет оқытушылары университет, факультет және мамандықтар жайында оқушыларға кеңінен әңгімелеп берді. Кездесуге мектептің 1-11 сынып аралығындағы тарихқа ерекше қызығатын балалар қатысты, қонақтарға өздерін қызықтырып жүрген тарихи тақырыптағы әр түрлі сұрақтарын қойды. Кездесу мазмұнды әрі нәтижеге болды.