«Әл-Фараби» атындағы Республикалық олимпиада

15.02.2017

Көрулер: 5382

2017 жылдың 8-9-ақпан күндері Республикалық ғылыми-практикалық "Дарын" орталығының басшылығымен "әл-Фараби" атындағы Қазақ ұлттық университетінде дарынды оқушыларға қолдау көрсету мақсатында Қазақстан республикасының білім беру ұйымдарының 11-сынып оқушыларына арналған "әл-Фараби" Республикалық олимпиадасының 1-кезеңі өтті.

Олимпиаданың бірінші кезеңі www.kaznu.kz сайтында on-line түрінде өткізілді. Мектеп бағдарламасы бойынша 13 пәннен барлығы 9029 оқушы қатысты. І кезеңнің қорытындысы бойынша 503 оқушы 2-кезеңге өтті. 2-кезең on-line түрінде www.kaznu.kz сайтында 2-наурыз күні Астана уақытымен сағат 11.00-12.00 аралығында өтеді.

2 кезең тапсырмаларынан сүрінбей өткен оқушылар сәуірдің 6-7 күндері әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қалашығына келіп 3-ші кезеңге қатыса алады.