ҚазҰУ-да «Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру бойынша аймақтық бағдарламаны» түсіндіру бойынша семинар өтеді

15.02.2017

Көрулер: 4196

2017 жылдың 17 ақпанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Аукеновтың төрағалығымен «Алматы қаласының инновацияларын дамыту саласындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру бойынша аймақтық бағдарламаны» түсіндіру бойынша семинар өтеді.

Семинар жұмысына Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, Алматы қаласының жетекші жоғарғы оқу орындарының ғалымдары мен өнертапқыштары, соның ішінде ҚазҰУ-дың оқытушы-профессорлық құрамы мен жас ғалымдары қатысады.

Өткізілетін орны: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, механика-математика факультеті, Ө.Жолдасбеков атындағы үлкен зал (Қызыл зал)

Өткізілетін уақыты: 17 ақпан 2017 жыл, сағат 15.00-17.00

Қосымша ақпарат бойынша: 13-92, 13-99