Арабистиканың дамуындағы жаңа тенденциялар

15.02.2017

Көрулер: 3804

ҚазҰУ-дың Шығыстану факультетінің Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасында «Арабистиканың дамуындағы жаңа тенденциялар» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік онлайн конференция өтеді.

Шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналады және Араб елдерінің ғалымдарымен ғылыми, оқыту-әдістемелік диалогты арттыру және ынтымақтастықты нығайту мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Конференцияға отандық және шетелдік ғалымдар, ҚазҰУ оқытушылары мен докторанттары қатысады.

Барлық тілек білдірушілерді конференцияға атсалысуға шақырамыз!

Өтетін орны: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, шығыстану факультеті, 5- қабат

Махатма Ганди атындағы мәжіліс залы(Қарасай батыр көшесі 95 Масанчи көш. қиылысы)

Өтетін мерзімі: 21 ақпан 2017 жыл, сағат 15:00