2017 оқу жылына әскери кафедраға қабылдау тәртібі туралы

03.02.2017

Көрулер: 11087

2017 оқу жылына әскери кафедраға қабылдау тәртібі туралы

Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У 

Қазақстан Республикасының 27 жасқа дейін азамматтарына, күндізгі оқудың 1-ші курс студенттеріне, тіркелу куәлігінде "әскери қызметке жарамды" деген жазбасы бар және запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасы бойынша оқудан өту үшін байқау іріктеуіне қатысқысы келетіңдерге,  осы мекен-жай бойынша әскери кафедраға өтініш беру үшін келу: Төле би көш., 96 (Байтұрсынов көш.қиыл.).

1. Өтініштерді қабылдау мерзімі - 2017 жылдың 01 ақпанынан 15 мамырына  дейін.

Өзімен бірге:

- тіркелу куәлігі (тұпнұсқасы мен көшірмесі);

- жеке куәлігі (тұпнұсқасы мен көшірмесі);

- сынақ кітапшасы немесе студенттік билет;

- 3х4  сүреті  - 1 дана; 

- сотталмағандығы туралы анықтама.

2.  2017 жылдың 15 мамырына дейін мерзімінде қорғаныс істері бойынша басқармаларында тіркелу орны (әскери комиссариат) бойынша медициналық қараудан өту.

3. Кәсіби-психологиялық жарамдылықты және дене дайындығы деңгейін анықтау тексерісі әскери кафедрада жүргізіледі. Кәсіби-психологиялық  тестілеу және дене дайындығы деңгейін анықтау мерзімі қосымша ескертіледі.

4. Дене дайындығы нормативтері келесі параметрлер бойынша қабылданады: 

- студент - ұл балалар үшін: 3000 метрге жүгіру, 100 метрге жүгіру, кермеде тартылу;

- студент - қыздар үшін: 1000 метрге жүгіру, 100 метрге жүгіру, кешенді күш жаттығу.

 

  

студент - ұлдар үшін

студент - қыздар үшін

3000 метрге жүгіру

100 метрге жүгіру

Кермеде тартылу

1000 метрге жүгіру

100 метрге жүгіру

Кешенді күш жаттығу

100 балл

(ең жоғары)

10 мин 45 сек

12,8 сек

21 рет

3 мин 40 сек

14,6 сек

44 рет

20 балл

(ең төмен)

14 мин10 сек

16,2 сек

5 рет

4 мин 35 сек

18,0 сек

26 рет


Бір жаттығуда, ең төмен деңгейлі - 20 балл. Бір жаттығуда, ең төмен деңгейге жетпеген, төмен деңгейлі баллды жинамаған кандидат "қанағаттандырарлықсыз" бағаланады.

ҚазҰУ әскери кафедрасының әкімшілігі