«Универсиада отын жағайық!»

02.02.2017

Көрулер: 3619

2017 жылғы ақпан айының 2-ші жұлдызы күні, сағат 15:00-де С. Бегалин атындағы мемлекеттік балалар кітапханасымен 5В09100-«Кітапхана ісі» мамандығының студенттері Алматыда өтіп жатқан 28-інші Дүниежүзілік қысқы Универсиада ойындарының басталуына арналған «Зажигай огонь, Универсиады!» атты виртуальды слайдқа саяхат жасады.

Негізгі мақсаты: Универсиада әлемдегі ең айшықты халықаралық бұқаралық спорт және мәдени оқиғалардың біріне айналды сол себепті спортты білім беру жүйесінің маңызды элементтерінің бірі ретінде ілгерілету. Спорт және дене тәрбиесін насихаттау, дене тәрбиесі мен спорт арқылы студенттердің денсаулығын күшейтіп, салауатты өмір салтын қалыптастыруға түрткі болу. Барлық студенттерді виртуальды слайд арқылы спортқа деген қызығушылықтарын арттыру.

Ұйымдастырушылар: Дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының аға оқытушылары: т.ғ.к. Асанова Б.С., Раймбекова М.Т.