Сенімді серіктестік

19.10.2016

Көрулер: 2972

 Орта Шығыс ұлы ойшылы Әбу Наср әл-Фарабидің оқулары «Аl-Farabi university - smart city» атты бірден-бір ғылыми-инновациялық жобаның негізін қалады. Технологиялық және рухани- өнегелі концепттің бірлігі, ғылыми және білім мен әлеуметтік мәселелерді шешудегі икемділік арқылы жүзеге асып отырған университеттің жаңа моделі, дәстүрлі қоғам ғана емес, ең алдыңғы қатарлы технологиялы қоғамның да есігін ашуға мүмкіндік береді. Осылайша ҚазҰУ мен Жапония университеттерінің тығыз қарым-қатынасы екі елдің де оқу жүйесінің алдағы дамуында маңызды рөл атқарады.

   Жақында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың он бес білдей студенттері Күншығыс елінің алдыңғы қатарлы университеттерінде оқу-білім бағдарламаларынан өту үшін грант және шәкіртақы ұтып алды. 20 жылдан астам уақыттай посткеңестік елдердің ішінде шәкіртақы бөлінуде алдыңғы қатарлы орынды алып тұрған ол – ҚазҰУ болып табылады.

   Білім және мәдениет, спорт, ғылым Жапония Министрлігінің (MEXT) Жапон тілі мен мәдениетін тереңдетіп оқуға құштар үздік студенттер үшін арналған шәкіртақының иегерлері, жапон университеттерінде академиялық білім алуға бірегей мүмкіндік алды.

Хейва Накаджима Қорының шәкіртақылары байқау іріктеулері арқылы университет ұсынысы бойынша ең үздік студенттерге беріледі. ҚазҰУ 1992-2016жж. аралығында барлығы 11 қор шәкіртақысына ие болды.

Жалпы, шәкіртақы қорларының мақсаты – халықаралық өзара түсінушілік пен мемлекет арасындағы қатынасты кеңейтетін алдыңғы ұрпақтың көшбасшысы болатын шығармашыл тұлғаларды дамытуға үлес қосу болып табылады.

   Ішіндегі ең маңыздысы – ТМД елдері мен Балтық елдерінде Жапония мультилингвистикалық жүйесі бойынша экономикалық және ғылыми салаларындағы жаңа кадрларды дайындауға арналған Цукуба Университетінің білім гранты болды. «Кампустағы қампус» шарасының аясында Цукуба Университетінен шақырылған профессор Ниномия Такаши салтанатты түрде табыстады.

Цукуба Университеті - ҚазҰУ-дың негізгі серіктестерінің бірі. Жапонияның жоғарғы оқу жүйесінің саясатының негізгі элементі – таңдаулы жоғарғы оқу орындарындағы оқу үдерісі мен зерттеу сапасын арттыру мақсатында мемлекеттік қаржы шоғырландыру болып саналады. Сондықтан да, ҚазҰУ-дың негізгі серіктестікті таңдауы – дәйекті.

«Жаһандық университеттер тобы» шарасын іске асыру мақсатында, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Цукуба Университеті бірлесіп «Кампустағы кампус» (ағыл. Campus in Campus, CIC) бастамасын жүргізіп отыр. Нәтижесінде әріптес-университеттер әлемге ашық университет моделінен трансшекаралық университетке ауысуды жоспарлап отыр.

Сонымен бірге, 2015 ж. Мұтанов Ғалым бастаған ҚазҰУ делегациясы нәтижесінде «Кампустағы кампус» Меморандумына қол қойылған «Жаһандану кезіндегі университеттер рөлі: жаңа бағыттарды іздеу» атты Халықаралық симпозиумға қатысты.

СІС жобасының аясында әр университет әріптес университетпен өзінің кампусымен бөлісе алу мүмкіндігі бар. Осылайша, ешбір ұлттық немесе институционалдық кедергісіз бір- бірінің ғылыми-зерттеу ресурстарын қолдана алады. Аталмыш жобаны іске асырудың нәтижесі болып, студенттер мен мұғалімдер, әкімшілік қызметкерлердің университеттер арасындағы академиялық мобильділіктің кеңейтуін атай аламыз.

Академиялық қарым-қатынастың екінші сатысында серіктестер Қиыр Шығыс кафедрасының қоластында «Жапония мен Орта Азия зерттеулері» орталығының ресми ашылуының Меморандумына қол қойды.

ҚазҰУ қазіргі таңда, Токио Университеті, Токио Агромәдениет және технология Университеті, Васеда Университеті, Ракуно Гакуин Университеті, Аояма Гакуин Университеті, Хоккайдо Университеті, Цукуба Университеті, Сайтама Университеті, Токио Шетел тілдер Университеті, Канадзава Университеті, Кейо Университеті секілді Жапонияның ең ірі, алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орындарымен бірге қызмет істеп келеді.

Таким образом, открывая врата японских вузов, КазНУ расширяет границы своего кампуса, как образец «умного» университета.

Осылайша, ҚазҰУ жапон жоғарғы оқу орындарының қақпаларын аша отырып, «ақылды» университет үлгісі ретінде өз кампусының шекарасын кеңейтіп келеді.

 

Наталья ЕМ,

Қиыр Шығыс кафедрасының меңгерушісі