ҚазҰУ-дың әскери кафедрасы бірінші орында

19.10.2016

Көрулер: 4927

2016 жылдың 14 қазанында  ҚР ҚМ Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты бастығының кубогы үшін Алматы қалалық дебат-турнир осы институт 15-жылдығы аясында өтті.

Жарысқа 19 команда қатысты, 4 әскери институттар (ҚР ҚМ Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты, Құрлық әскерлерінің Әскери институты, Әскери ҰҚК академиясы, Әскери ІІМ академиясы) және Алматы қаласының ЖОО 7 әскери кафедралар. Дебатқа 57 адам қатысты. Дебат турниріне әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әскери кафедра студенттер белсенді қатысты.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әскери кафедрасының студент - Нұрсерік Б дебат-турнир ойын қорытындысы бойынша ең үздік судья атанды.

Турнирдің қорытындысын шығару 15 қазанда Н.Сац атындағы жас көрермендер театрында өтті, мұнда РжБӘИИ 15-жылдығын мерекелеу іс-шарасы болды. Іс-шараларға сенатор Д. Н. Назарбаева, бұрынғы қорғаныс министрі, халық қаһарманы, армия генералы, сенатор М. К.Алтынбаев, ҚР қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Т. Б.Мұхтаров, "Арыстан" мамандандырылған лицейінің бастығы, педагогика ғылымдарының докторы, әскери ғылымдар Академиясының толық мүшесі, ҚР запастағы генерал-майор С. С. Тауланов және көптеген Қарулы Күштердің ардагерлері қатысты.

Дебат-турнир қорытындысы бойынша табанды жарыстар барысында бірінші орынды әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың әскери кафедрасы алды. Бұл жеңіс әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың әскери кафедра студенттерінің жемісті дайындығының нәтижесі болды. Команда құрметті дипломмен, кубокпен және музыкалық орталықпен марапатталды.

Шолпан Батырбаева
 ҚазҰУ әскери кафедрасының жетекші маманы