ҚАЗАҚСТАННЫҢ МӘДЕНИ-ТАРИХИ МҰРАСЫ – ТАМҒАЛЫ-ТАС!

13.10.2016

Көрулер: 4477

Философия және саясаттану факультетінің дінтану және мәдениеттану кафедрасы «Дені саудың – жану сау!» жобасы аясында «Мәдени- танымдық орталық T-MAGBERD» атты жаңа жобаны іске асыру мақсатында төменгі шараларды іске асырып жатыр:

2 қазанда студенттер (М.Б. Аликбаеваның басшылығымен) табиғаттың бірегей ескерткішінің бірі – Шарын каньонын тамашалап қайтты;

9 қазанда «Дінтану» және «Мәдениеттану» мамандығының студенттері (проф. Исмагамбетова З.Н., Рысбекова Ш.С., Борбасова  К.М., доц. Аликбаева М.Б., Бияздыкова К.А., аға оқытушы Альджанова Н.К. басшылығымен)Қазақстанның мәдени-тарихи мұрасы және кейінгі орта ғасырға тән петроглифтердің кешені - Тамғалы-Тасты тамашалап қайтты. Петроглифтер арасында дөңгелек пішінді, діни жазба үзіндісі, ритуал жасау сахнасы шеңберу, бұқа, түйе секілді ежелгі құдай бейнелері де кездеседі. Бағдарлама «Буддизм тарихы», «Алғашқы қауымдық наным-сенім», «Мәдениеттегі миф және ритуал», «Ежелгі дәуір мәдениеті», «Әлемдік мәдениет тарихы» пәндері аясында іске асты.