Ғарыштық сәулелер мен астрофизика құпияларын ұғыну

27.09.2016

Көрулер: 3663

 

2010 жылдың 6-7 қыркүйегінде, екі елдің президенттерінің қатысуымен өткен Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының аймақаралық  ынтымақтастықтың VII форумының нәтижесінде, зерттеулер бағдарламасының іске асыру мақсатында «Еуразиялық биік таулы ғылыми орталық» Консорциумын құру жайында Консорциалды шартқа қол қойылды.

Консорциумдық шарттың бабына сәйкес және институтаралық бірлескен зерттеулер Бағдарламасының негізінде Консорциум құрамына Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті кірді. Ресейден осы консорциумға мүше болып отырған П.Н. Лебедев атындағы Ресей ғылым академиясының физикалық институты (әйгілі «ФИАН»). Консорциумға мүшелік ҚазҰУ-не халықаралық ғылыми және білім алатын жобаларға қатысуға мүмкіндік береді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жақын серіктесі Дубна қаласының Ядролық зерттеулердің бірлескен институты (ОИЯИ) екенін атап кеткіміз келеді.

Консорциумның құрамында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымдары ғылыми зерттеулер мен эксперименттерінде орасан зор үлесін қосып отыр. Қазақ ұлттық университетіндегі ғылыми қондырғылардан алынып жатқан нәтижелердің барлығы дүниежүзілік желілердегі ғарыштық сәулелер бойынша мәліметтеріне қосылады. Консорциумның міндеті ядролық физиканың, астрофизиканың және ғарыштық сәулелер физикасының іргелі проблемаларын шешуге бағытталған, мысалы ғарыш сәулелерінің құрамы мен табиғатын, аса жоғары энегиялардағы бөлшектердің әсерлесуінің ерекшеліктерін, Ғаламның күңгірт материясының экзотикалық бөлшектерін іздестіру.

Бұл зерттеулердің бәрі де біздің Ғаламымыздың құпияларын түсінуге мүмкіндік береді. Жоғарыда айтылған мәселелер бойынша ҚазҰУ ғалымдарының зерттеулері өтемаңызды және қажетті,  және де мемлекеттің индустриалды-инновациалық дамуына елеулі үлесін тигізеді. Осы зерттеулердің бәрі тәуелсіз Қазақстанның абыройын асқақтататыны сөзсіз.

ҚазҰУ ғалымдары белсене қатысатын ғылыми зерттеулердің қолданбалы маңыздылығы - ол ғарыш сәулелерінің Жер биосферасына әсерімен, ғарыштық ауа-райымен, сейсмоактивтілікпен, глобальді климаттық немесе әлеуметтік процесстермен байланысқан табиғаттық қауып-қатерін болжауға және бағалауға мүмкіндік береді. 

Заманауи ғылымның іргелі проблемаларын зерттеуге мүмкіндік беретін кешенді қондырғы Тянь-Шань Биіктаулы Ғылыми Станциясында (ТШВНС) теңіз деңгейінен 3340 м биіктікте орналасқан. Осы станцияда
ҚазҰУ-дың жас ғалымдары белсене жұмыс істеуді жалғастырып жатыр. Еуразиялық Даму Банкінің 2010-2015 жылдарда көрсеткен техникалық және қаржылай қолдауының арқасында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 50- ден астам студенттері ТШВНС-тің қондырғыларында өндірістік практикаларын өтуіне мүкіндік алды. Өзінің биікте орналасуы бойынша, информативтігі бойынша, тіркегіш аспаптарының жинағы бойынша және инфраструктурасы бойынша биіктаулы ғылыми кешен әлемдік өлшем бойынша алдыңғы қатарда.

П.Н. Лебедев атындағы Ресей ғылым академиясының физикалық институтының ықыласымен 3-інші Халықаралық жас ғалымдар мектебін Алматы қаласында өткізу шешілді. Осы ықыласты Қазақстанның жетекші жоғарғы оқу орны - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті белсене қолдады.

Осылайша, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының қатысушы мемлекеттердің мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастықтың қоры жағынан қаржыландырылған "Ғарыш сәулелерiнің Еуразиялық биiк таулы ғылыми орталық" консорциумы аясында 2016 жылдың 26 қыркүйегінен 1 қазанына дейін әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде «Аса жоғары энергиялы бөлшектер физикасы және астрофизикасының көршілес мәселелері» атты 3-Халықаралық жас ғалымдардың мектебі өткізіледі. Жас ғалымдардың әлемде жетекші ғалымдардың лекциясын тыңдауға, мастер-класстар мен арнайы семинарларға қатысуына зор мүмкіндіктері бар. Осындай іс-шаралар, Қазақстанның инновациялық экономикасын құруға және әлемдік ғылыми-білім беру бірлестігіне интеграциялануына қажетті жоғарғы дәрежелі кадрларды дайындаудағы пайдасын тигізеді.