Зерттеу жобаларының әкімдігі мен менеджменті

26.09.2016

Көрулер: 4968

ҚазҰУ-да «Ньютон – әл - Фараби» бағдарламасы аясында «Зерттеу жобаларының әкімдігі мен менеджменті» атты ағылшын тілінде тренинг ұйымдастырылды.

Зерттеу жобаларын басқару қандай компоненттерден тұрады, жоспарлау үдерісінің маңызы, мақсатты айқындауда Джон Уитмор моделі деген не және стэйкхолдерлермен коммуникациялық стратегияларды қалай орнату керек, зерттеу командаларын таңдауда қандай дағдыларды ескеру керек, әкімшілік үрдіс дизайны деген не, команданың біртұтастығына қалай жетуге болады? Осы және өзге де сұрақтар «Зерттеу жобаларының әкімдігі мен менеджменті» тренингінде қарастырылды. Тренингті британ эксперттері – Амос Фатукон мырза мен Тара Митчел өткізді.

«Ньютон – әл - Фараби» әріптестік бағдарламасының бір бағыты Қазақстанда ғылыми-зерттеу іс-әрекетін қолдау мен зерттеу нәтижелерін көтеру мақсатында кәсіби даму мен ықпалдастықты дамыту болып табылады.

«Аталмыш тренинг қазақстандық ғалымдар үшін зерттеу жобаларын басқару мен әкімдігі мәселесінде, жобалық менеджмент қағидаларына сәйкес ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен басқару дағдыларын жетілдіру үшін тамаша мүмкіндік береді. Жобаларды басқару дағдылары зерттеулерді табысты жүргізуде маңызды. Интерактивті тренинг қатысушылары зерттеулерді сенімді жобалау мен жүргізуге, сонымен қатар табысты зерттеу жобаларын өткізуге септігін тигізетін түрлі құралдар мен кейстермен танысты. Біз ынтымағы жарасқан зерттеу командасын қалай құру керектігін, орын алған дау-жанжалдарды тиімді жою, зерттеу жұмыстарын әкімдігі үшін қажетті үрдістерді қолдану, тайм-мендежментті қолдану мен зерттеу жобаларын жоғарғы кәсіби деңгейде жүргізу үшін көшбасшылық дағдылары туралы білдік. Британ Кеңесі мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға пайдалы әрі өзекті тренингті ұйымдастырғаны үшін үлкен алғыс білдіреміз», - деп атап өтті Қазақ ұлттық техникалық университетінің өкілі Махамбет Куспангалиев. 



 

 

Диляра Вудворд