Нано-энерегтикада ноу-хау өңдеулер

22.09.2016

Көрулер: 4008

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің химия және химиялық технология факультетінде бірлескен «Наноинженерияның / көміртекті материалдардың физика және химиясы» IX халықаралық сипозиумы және  «Наноэнергетикалық материалдар және наноэнергетика» конференциясы өтті. Іс шараның негізгі мақсаты Европа Одағы, Жапония,  АҚШ және ТМД елдерінің ғылыми ұжымдарының арасындағы ұзақ мерзімді серіктестік қарым-қатыныасты дамыту үшін жағдай жасау. Ұйымдастырушылар ретінде ҚазҰУ химиялық физика және материалатну кафедрасы, РМК «Жану проблемалары институты» және Сібірлік бөлімнің Ресей академиясының ғалымы В.Воеводский атындағы «Химиялық кинетика және жану институты» қатысты.

Іс шара қаржылық қолдаумен  және Халықаралық ғылыми–техникалық орталықтың қатысуымен өтті. Симпозиумды аша отырып, ұйымдастырушылар симпозиум іргелі мәселелерді шешуде және нано-инженерия саласында жаңа жобаларға түрткі беретін бастамасы болу керек, деген сенімділік танытты. Ғалымдар бірегей физика-химиялық қасиетті өте жіңішке кенеп немесе талшық  алуға болатын , «ағаштан» көміртекті  нанотүтікшелер алу саласындағы баяндамаларға ерекше қызығушылық танытты. Бұл кенептер нанотүтікшелерге қарағанда ерекше, оның негізін құраушылар жібек жіптер сияқты, құрылысы өте жұқа, сонымен қатар жақсы өткізгіштік қасиетке ие. Олар электрлік токтарды супер-өткізгіш болып келеді және күнмен су жылытатын коллекторлардың абсорбциялайтын қабаты ретінде бола алады.

Отандық танымал ғалым профессор Мансуров Зулхаир,  «нано-ағаштар» көміртекті нанотүтішелер құруда, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Жану проблемалары институтының жас ғалымдары қатысқанын атап өтті. Сонымен қатар Институттың бірден бір икемді қыздырғыш элементтер құруға байланысты соңғы өңдеулерін атап өтуге болады. Үдерістің  мәні шыныматаның бетінде көміртекті нанотүтікшелерді синтездеумен қорытылады. Икемді қыздырғыш элементтер туындысы адам ағзасы үшін критикалық жағдайларда адамдар үшін қызыдырғыш киім дайындау үшін қолданыс табуы мүмкін (температура төмендегенде): құтқарғыштар, әскери қызметкерлер, альпинистер, саяхатшылар және ғарышкерлерде.

Сонымен қатар бұл технология құрылыста да қолданылуы мүмкін, мысалы «жылы еден» түрінде.  «Өңдеудің ерекшелігі өзіндік құнының біршама арзандығы. Технология берілген сипаттамасы және қасиетімен электрөткізгіш тоқыма алуға мүмкіндік береді», - өңдеушілердің бірі докторант PhD Гаухар Смагулова айтты.

Сондай ақ, қазақстандық тау кендерін шығару саласын дамытудың бүгінгі сатысы, энергия сиымды материалдар саласында өңдеуге ерекше қызығушылық танытуда. ҚазҰУ докторанттары Д. Байсеитов және Ш. Габдрашова жұмыстары және жол салу және метрополитенде қолдану көз қарасында дефлаграционды жану режімінде газгенерирлеуші потрондар өңдеу бойынша қызығушылықтар бар.  Таңдамалы мәселердің жоспарын шешу мұнай- және көмірді химиялық синтездеу кезіндегі өнімді алудан басқа шикі зат көздерін және көмір, мұнайды дәстүрсіз қолдану бойынша магистрантар мен докторнаттарды жұмысқа қызықтыру ұсынылды. 

Өткізілген іс шараның ревоюциясы шетелдің ЖОО атақты ғалымдардан тәжірибе беру, жиналыс,  дикуссия жүргізу аймағында ҚазҰУ магистранттары мен докторантары жас ғалымдары бағасыз тәжірибе алды деуге болады. Симпозиум және конференцияның соңғы нәтижесі бойынша үздік жұмыстар «Горение и плазмохимия» және Eurasian Chemico-Technological Journal журналына кеңейтілген тезис және мақала түрінде басылымға шығады.   

 

Авторы: Анвар Ушуров

и заведующий кафедрой химической физики и материаловедения Тулепов М.И.