ҚазҰУ ұжымы Дмитрий Баландинді тамаша жеңіспен құттықтайды

13.08.2016

Көрулер: 3120

Құрметті Дмитрий!

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұжымы Сізді Рио-де-Жанейро Олимпиада ойындарындағы тамаша жеңісіңізбен құттықтайды.

Батырға тән қайсарлық танытып, қарсыластарыңыздан оза шауып, ең үздік дәрежеге – Олимпиада чемпионы атағына лайық екеніңізді дәлелдедіңіз! Қазақ спорты тарихындағы Олимпиада ойындарында жүзуден алған алғашқы алтын – бұл асқан дарындылық пен табандылықтың, ерен еңбектің, шеберліктің әділ бағасы.

ҚазҰУ ұжымы барлық Қазақстандықтармен бірге сізге жанкүйер болды, Сіздің жеңіс тұғырынан көрінетініңізге сенді және алтын жүлде бәрімізді бір марқайтып тастады!

Біз Сізбен және Сіздің жеткен жетістіктеріңізбен зор бек мақтанамыз!

Сізге зор денсаулық, мол бақыт, сарқылмас шабыт, кәсіби қызметіңізге сәттілік пен толағай табыстар тілейміз! Алар асуларыңыз көп болғай!

 

 

Құрметпен,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұжымы